Франция Ұлттық футбол құрамасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Jump to navigation Jump to search
Франция Ұлттық футбол құрамасы
Лақап Көктер, Үштүстілер
Конфедерация УЕФА
Федерация Франция Футбол Федерациясы
Негізгі. бапкер Франция Дидье Дешам
Капитан Юго Льорис
Ең көп
ойын саны
Лилиан Тюрам (142)
Үздік
бомбардир
Тьерри Анри (51)
Үй стадионы Стад де Франс
ФИФА коды FRA
Форма
Негізгі
форма
Форма
Қонақтық
форма
Бірінші ойын
Бельгия Бельгия 3:3 Франция Франция
(Брюссель, Бельгия; 1 мамыр, 1904 жыл)
Ең ірі жеңіс
Франция Франция 10:0 Әзірбайжан Әзірбайжан
(Осер, Франция; 6 қыркүйек, 1995 жыл)
Ең ірі жеңіліс
Дания Дания 17:1 Франция Франция
(Лондон, Англия; 22 қазан, 1908 жыл)
Әлем чемпионаты
Қатысу 14 (бірінші 1930)
Жетістік Чемпион 1998, 2018
Футболдан Еуропа чемпионаты
Қатысу 7 (бірінші 1960)
Жетістік Чемпион 1984, 2000

Футболдан Франция ұлттық құрамасы — (фр. Les Tricolores)[1] барлық халықаралық турнирлер мен матчтарды Франция мүддесін өкілдік ететін ұлттық құрама. Франция футбол федерациясымен басқарылады. 1904 жылдан бері ФИФА мүшесі, 1954 бері УЕФА мүшесі. Француздар осы екі ұйымның негізін салушылардың ішінде болды. [2]

Тарихы

Футболдан әлем және Еуропа чемпионатының дамуына ең әуелі француздар елеулі үлес қосты. Жюль Риме әлем чемпионатының өткізілуне барын салып, 1930 жылғы турнирді ұйымдастырса, тағы бір тарихи тұлға Анри Делоне елуінші жылдардың ортасында еуропалық турнирдің өмірге келуіне көп әрекет жасады.

Ал ұлттық құраманың өзі 1930 жылғы алғашқы бәсекеге қатысқан 13 құраманың бірі ғана емес, тұңғыш ойында алаңға шықты, оған қоса алғашқы голды осы құраманың өкілі соқты. Ол 1930 жылы 13 шілдеде Монтевидеодағы "Поситос" стадионында Мексиканың қақпасын дәл көздеген Люсьен Лоран болатын. Бұл матчта Франция құрамасы 4:1 есебімен жеңіске жетті. Бірақ кейінгі екі ойында ұтылып қалды да, жартылай финалға шыға алмады.

Жалпы, екінші дүниежүзілік соғысқа дейін құрама оншалық жарқыраған жоқ. 50-жылдардың екінші жартысында Раймон Копа, Жюст Фонтен секілді футболшылар аренаға шыққан соң мықты ұжымдардың біріне айналды. 1958 жылғы чемпионатта Фонтен 13 гол соғып, әлемдік рекорд жасады. Құрама турнирде қола жүлдені иемденді. Арада екі жыл өткен соң Еуропа чемпионатында да қола жүлдегер атанды.

Осы табыстардан соң сексенінші жылдарға дейін құрама көлеңкеде қалды. Мишел Платини, Жан Тигана, Жан Фернандес, Ален Жиресс секілді футбошылармен күшейтіліп, 1984 жылы Еуропа чемпионы атанды. Оған дейін де 1982 жылы керемет ойын көрсетіп, жартылай финалға жеткен болатын. 1986 жылғы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды.

Франция құрамасының үшінші дәуірі ғасыр соңына қарай Зинедин Зидан, Тьерри Анри, Марсель Десайи, Робер Пирес, Лилиан Тюрам секілді футболшылар жетілген соң басталды. ӘЧ-1998, ЕУРО-2000, Конфедерациялар кубогы-2001, 2003 турнирлерінде топ жарды. Бұл буынның соңғы талпынысы 2006 жылғы әлем чемпионаты болды. Бұл турнирде финалда тек Италиядан пенальтилер арқылы ғана сүрінді.

Қазіргі таңда құрамада мықты футболшылар аз емес. Оған 2016 жылғы Еуропа чемпионатындағы тамаша ойыны дәлел бола алады. Турнир бойы жақсы ойын көрсеткен құрама тек финалда қосымша уақытта Португалиядан сүрінді - 0:1.

2018 жылғы әлем біріншігінде Франция құрамасы чемпион атанды. 1/8 финалда Аргентинаны 4:3, Ширек финалда Уругвайды 2:0, жартылай финалда Бельгияны 1:0, финалда Хорватияны 4:2 есептерімен ұтып, арада 20 жыл өткен соң әлем чемпионатында екінші рет топ жарды.

Әлем чемпионаттарындағы мергендер

Футболшы Гол саны 1930 1934 1938 1954 1958 1966 1978 1982 1986 1998 2002 2006 2010 2014
Фонтен, ЖюстЖюст Фонтен 13 13
Анри, ТьерриТьерри Анри 6 3 3
Платини, МишелМишел Платини 5 1 2 2
Зидан, ЗинединЗинедин Зидан 5 2 3
Копа, РаймонРаймон Копа 4 1 3
Рошто, ДоминикДоминик Рошто 4 1 2 1
Бензема, КәрімКәрім Бензема 3 3
Женгини, БернарБернар Женгини 3 2 1
Жиресс, АленАлен Жиресс 3 3
Жан Николя 3 1 2
Пьянтони, РожеРоже Пьянтони 3 3
Машино, АндреАндре Машино 2 2
Папен, Жан-ПьерЖан-Пьер Папен 2 2
Пети, ЭмманюэльЭмманюэль Пети 2 2
Сикс, ДидьеДидье Сикс 2 2
Стопира, ЯнникЯнник Стопира 2 2
Тюрам, ЛилианЛилиан Тюрам 2 2
Вьейра, ПатрикПатрик Вьейра 2 2
Венсан, ЖанЖан Венсан 2 1 1
Висньески, МарьянМарьян Висньески 2 2
Аморос, МануэльМануэль Аморос 1 1
Бердол, МаркМарк Бердол 1 1
Блан, ЛоранЛоран Блан 1 1
Босси, МаксимМаксим Босси 1 1
Курьоль, АленАлен Курьоль 1 1
Де Бургун, ЭкторЭктор Де Бургун 1 1
Джоркаефф, ЮрийЮрий Джоркаефф 1 1
Дуи, ИвонИвон Дуи 1 1
Дюгарри, КристофКристоф Дюгарри 1 1
Фернандес, ЛуисЛуис Фернандес 1 1
Феррери, Жан-МаркЖан-Марк Феррери 1 1
Жирар, РенеРене Жирар 1 1
Жиру, ОливьеОливье Жиру 1 1
Оссе, ЖерарЖерар Оссе 1 1
Оскар Эссерер 1 1
Лякомб, БернарБернар Лякомб 1 1
Ланжийе, МарсельМарсель Ланжийе 1 1
Лоран, ЛюсьенЛюсьен Лоран 1 1
Лизаразю, БиксантБиксант Лизаразю 1 1
Кристиан Лопес 1 1
Малуда, ФлоранФлоран Малуда 1 1
Блез Матюиди 1 1
Погба, ПольПоль Погба 1 1
Рибери, ФранкФранк Рибери 1 1
Сиссоко, МуссаМусса Сиссоко 1 1
Соле, ЖерарЖерар Соле 1 1
Тигана, ЖанЖан Тигана 1 1
Трезор, МариусМариус Трезор 1 1
Трезеге, ДавидДавид Трезеге 1 1
Вальбуэна, МатьеМатье Вальбуэна 1 1
Венант, ЭмильЭмиль Венант 1 1
Веррье, ЖоржЖорж Веррье 1 1
Бары 106 4 2 4 3 23 2 5 16 12 15 0 9 1 10

Жетістіктер

  • Әлем чемпионы 1998, 2018
  • Еуропа чемпионы 1984, 2000
  • Әлемнің күміс жүлдегері 2006
  • Еуропаның күміс жүлдегері 2016
  • Әлемнің қола жүлдегері 1958
  • Еуропаның қола жүлдегері 1966
  • Конфедерациялар кубогының жеңімпазы 2001, 2003
  • Олимпиада чемпионы 1984

Дереккөздер

  1. Франция (rus). UEFA. Басты дереккөзінен мұрағатталған 2 маусым 2012.
  2. Статистика матча  (фран.). FFF.

Сiлтемелер