Ирланд теңізі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Jump to navigation Jump to search

Ирланд теңізі
Irish Sea satellite image.jpg
53°43′18″ с. е. 5°10′38″ б. б. / 53.72167° с. е. 5.17722° б. б. / 53.72167; -5.17722 (G) (O) (Я)Координаттар: 53°43′18″ с. е. 5°10′38″ б. б. / 53.72167° с. е. 5.17722° б. б. / 53.72167; -5.17722 (G) (O) (Я)
Ауданы100 мың км²
Тереңдігі175 м
Орташа тереңдігі43 м
Ирланд теңізі (Ұлыбритания)
Blue pog.svg
Ирланд теңізі
Commons-logo.svg Ирланд теңізі Ортаққорда

Ирланд теңізі (ағылш. Irish Sea, Үлгі:Lang-cy, ирландша Muir Éireann) — Атлант мұхитының шеткі теңізі, шығысындағы Ұлыбритания, батысындағы Ирланд аралдарының аралығында, мұхитпен Солтүстік бұғаз (солтүстік жағынан), Әулие Георг бұғазы (оңтүстік жағынан) арқылы жалғасады.

Тереңдігі 272 м-ге жетеді. Түпкі шөгінділері - малта тас, құм, тұнба. Ірі аралдары - Мән және Англси. Жағалары кішігірім шығанақтармен, қойнаулармен тілімделген. Жыл бойы батыстан жел соғады. Қыста теңіз дауылдары жиі болады. Суының температурасы ақпанда 5 С градустан - 9 С градусқа дейін, тамызда 13 С - 16 С градус. Тұздылығы 32 промилледен 34, 8 промиллеге дейін. Беткі ағысы - айналмалы ағыс. Жарты тәулікте бір көтеріледі (биіктігі 1 - 2 м ден 6 м -ге дейін). Теңізден балық (май шабақ, килька, треска) ауланады. Ірі порттары - Ливерпуль (Ұлыбритания) және Дублин (Ирландия).