Бұрыш самалдық

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Jump to navigation Jump to search
Бұрыш самалдық
Polygonum hydropiper1.jpg
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
Сабы: Caryophyllales
Тұқымдасы: Polygonaceae
Кіші тұқымдасы: Polygonoideae
Тегі: Persicaria
Түрі: P. hydropiper
Екі-есімді атауы
Persicaria hydropiper
(L.) Delabre 1800
Синонимдері
  • Polygonum hydropiper L. 1753
  • Persicaria hydropiper (L.) Opiz 1852
  • Persicaria hydropiper (L.) Spach 1841
  • Persicaria acris Gilib.
  • Persicaria glandulosa Nakai & Ohki
  • Persicaria urens Garsault
  • Persicaria vernalis Nakai
  • Peutalis hydropiper Raf.
  • Polygonum glandulosum Poir.
  • Polygonum gracile Salisb.
  • Polygonum hecasanthum Schur
  • Polygonum hidropiper Neck.
  • Polygonum oleraceum Schur
  • Polygonum schinzii J. Schust.

Бұрыш самалдық (лат. Persicaria hydropiper) – тарандар тұқымдасына жататын, биіктігі 70 сантиметрге жететін, бір жылдық, шөп тектес өсімдік.

Тамыры жіңішке әрі ұзын, онан өсіп шығатын сабағының іші қуыс, түсі жасыл, қысқа қарай қызарып кетеді. Сопақша келген жапырақтары кезектесіп орналасқан, ұзындығы 3-10 сантиметрге дейін жетеді. Төменгі жағындағы жапырақтарының сабақтары түбінен бір екіден қосымша жапырақтар өсіп шығады, олар бірімен бірі жабысып, сабақтың төменгі жағынан бунақталып сабақты қоршап тұрады. Өсімдіктің осы бунақталған жерінің түсі қызғылт тартып, жапырақтарының дәмі өткір ашқылтым болады. Жемісі қара қоңыр түсті, үш қырлы. Өсімдіктің иісі жоқ.

Тарихы

1912 жылы А.О.Пиотровский дейтін аптека қызметкері халық медицинасында қолданылатын бұрыш самалдықтың қан тоқтытатын қасиеттері бар екенін байқап, профессор Н.П.Кравковтан осы өсімдікті зерттеуді өтініпті. Фармаколог профессор Кравков өсімдіктің мұндай қасиетінің бар екендігін толық қуаттағаннаң кейін бұрыш самалдық ғылыми медицинада қолданыла бастады.

Қолданылуы

Бұрыш самалдықты гүлдеген кезінде, сабақтары қызарғанға дейін, жерден 10-20 сантиметр биіктіктен орын алады.Құрамында полигопиперин,гиперозид,рамиазин,А,Е,Д,К,С витаминдері,илік заттар,эфир майлары бар.Оның қан тоқтататын және дененің ауырғанын басатын қасиеттері бар.Сондықтан бұл өсімдіктің негізіне алғанда жатырдан қан кеткенде қолданады.

Дәріні дайындау тәсілі

Өсімдіктің 1 ас қасығын қайнап тұрған 1 стакан суға салып,бір сағаттай тұндырады. Асқынған геморрой түйіндерін былай емдейді. Өсімдіктің 400 грамын 2 литр суға салып, 15-20 минут қайнатып 1 сағат тұндырып қояды да, 2 стакан сүтке 400 грамм ақ бөлке нанды турап қайнатып сүзіп алады.Міне,осы сүттің қайнатындысы мен әлгі өсімдіктің тұнбасые араластырып,ыстық күйінде геморрой түйіндерінен қан кеткенде ванна жасап отыру керек.Спиртті тұнба:Өсімдіктің 25 граммын 200мл араққа араластырып, 8 10 күн тұндырады, сосын дәрі дайын болғанда 30 40 тамшыдан күніне 3 рет ішеді.

Сілтемелер

Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт

Дереккөздер

Ә.Іскендіров "Қазақстанның дәрілік өсімдіктері"оқу әдістемелік кешені Алматы:Қазақстан