Сары теңіз

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Jump to navigation Jump to search

Сары теңіз
NASA ғарыштан көрінісі
NASA ғарыштан көрінісі
35°29′47″ с. е. 123°06′46″ ш. б. / 35.49639° с. е. 123.11278° ш. б. / 35.49639; 123.11278 (G) (O) (Я)Координаттар: 35°29′47″ с. е. 123°06′46″ ш. б. / 35.49639° с. е. 123.11278° ш. б. / 35.49639; 123.11278 (G) (O) (Я)
Ауданы416 мың км²
Көлемі17 мың км³
Тереңдігі106 м
Орташа тереңдігі40 м
Commons-logo.svg Сары теңіз Ортаққорда

Сары теңіз (қыт. Хуанхай) — Тынық мұхиттың Азия жағалауында орналасқан. Аум. 416 мың км². Орташа тереңд. 40 м, ең терең жері 106 м. Ірі шығанақтары: Бохайвань, Ляодун және Батыс Корей; бұғаздары Бохай, Лаотешань, т.б. С. т-ге Хуанхэ, Хайхэ, Ляохэ, Ялуцзян (Амноккан) өз. құяды. Суының температурасы ақпанда 0 — 8°С, тамызда 24 — 28°С. Тұзд. 26‰-ден 34‰-ге дейін ауытқиды. Толысуы жарты тәуліктік (3 — 4 м-ден 9 м-ге дейін). Теңізден балық, шаян, т.б. ауланады. Негізгі порттары: Тяньцзинь, Яньтай, Циндао, Далянь, Люйшунь (Қытай), Нампхо (КХДР), Инчхон (Корея Республикасы).