Керейіт

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Jump to navigation Jump to search
Керейіт
Оқ, қос әліп, ашамай, шылбыр
Ұраны Ақсақал, Ойтым
Лақап атауы
Шығу тегі Орта жүздің керей тайпасы
Жүзі Кіші жүз
Тайпасы  Жетіру
Бөлімдері   ?
Тараулары    ?
Ақсақалы ?
Қыстаулары ?
Жайлаулары ?
Веб-торабы ?

Керейіт — (моңғ. кэраид — христиандар) Кіші жүздің Жетіру бірлестігіне кіреді.

Керейт – қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре деректері бойынша, Кіші жүз құрамындағы жетіру бірлестігіне кіреді. Керейттен Ақсақал, Бозаншар рулары тарайды. Керейт тайпасының тарихы көне жазба ескерткіштерде 7 ғ-дан белгілі. Онон, Керулен, Арғұн өзендерінің аумағын жайлаған қабырғалы Керейт хандығымен сабақтастырыла қаралады. Бұл ретте сол заман оқиғаларын қағазға түсірген Рашид әд-Диннің, Қыдырғали бектің, Әбілғазы ханның еңбектерінде хандық аты да, оны құраған тайпа атауы да Керейт деп аталады. Шыңғыс ханнан ығыса отырып, Ертіс, Обь бойын теріскейге қарай жайлаған, кейін Орта жүз құрамына енген Керейттер уақыт өте келе, байырғы атау соңындағы “т” қосымшасын айтпайтын болды. Ал өзбектердің, қырғыздардың құрамына кірген Керейттер, Кіші жүздегі өз руластары сияқты бастапқы көне атауларын сақтап қалды. Соған қарағанда Кіші жүз құрамындағы Керейттер Шыңғыс хан жорығымен бірге Орта Азияға жетіп, сол елдерді Шыңғыс хан империясының құрамына қаратуға ат салыса жүріп, осы аймаққа тұрақтап қалған. Кейін олардың бір бөлігі өзбектің, екінші бөлігі қырғыздың, үшінші бір тобы Кіші жүздің құрамына енді. Ұраны – Ақсақал, таңбасы: й, // – шылбыр.[1]

Шығу тегі

Орта жүздегі керейлерден тараған. Тарихи атажұрты Батыс Моңғолияда. 413 ғғ. — христиандық дінінде болған.

Керейіттер туралы алғашқы деректер XII ғасырдың басына жатады. Онон, Керулен өзендерінің бойында және Бұйырнұр көлінің жағалауында, яғни Моңғолия аумағында, деп жазады Рашид ад-Дин, керейіт тайпасы мекендеді. Алайда, бұл тайпа аталған уақыттан едәуір ертеректе өмір сүрген деп санау керек, өйткені XII ғасырға қарай ол Шыңғысханға қарсы тұрған аса қуатты күш болған. XIII ғасырдағы керейіттер туралы мәліметтерді біз Г. Рубруктің, Плано Карпинидің, одан соң Марко Полоның жазбаларынан табамыз. Бұл арада осы тайпаның саяси тарихын қарастырып жатудың қажеті жоқ, бұл біздің міндетімізге кірмейді. XIII ғасырдың басында керейіттердің Ванханы Тоғырыл қаза тапқаннан кейін керейіттердің Шыңғысхан билігіне көшіп, оның империясы құрамына кіргенін ғана айтып өтпекпіз. Керейіттердің қазіргі Қазақстан аумағына келуі туралы мәселенің айқын еместігі сияқты, бұл тайпаның содан кейінгі тарихы да айқын емес. Біздіңше, керейіттерді Шыңғысхан талқандап, оларды монгол мемлекетінің құрамына енгізгеннен кейін олар монғолдардың батысқа жасаған жаулап алушылық жорықтарына қатысқан да, сонда мекендеп қалған тәрізді. Мұхаммед Хайдардың деректеріне қарағанда, XIV ғасырдан бастап, керейіттердің қайсыбір бөлігі Моғолстан моголдарының құрамына кірген. XV ғасырда керейіттер өзбек тайпалар одағының құрамына, ал кейініректе қазақ халқының құрамына енген. Ш. Уәлихановтың мағлұматтарына қарағанда, қазақ халқы құрылғаннан кейін керейіттер Ұлы жүздің құрамына кірген, ал көп үзамай олардың негізгі бұқарасы одаи бөлініп шығып, өзбек туыстарыиа кеткен. Керейіттердің қазақтарда қалған шағын бөлігі жетіру ұрпақтарына қосылған. Керейіттер туралы енді Кіші жүзге кіретін ру ретіндегі келесі мағлұматты XVIII ғасырдың орта шеніндегі А. Тевкелевтен, ал содан соң А. Левшиннен табамыз. Бұл ру неғұрлым кейінгі зерттеулердің еңбектерінде де үнемі кездесіп отырады.

Керейіттердің этникалық тегі туралы мәселе өте маңызды. Бұл жөнінде зерттеушілерде бір пікір жоқ. Рашид адДин өз шығармасында XIII ғасырда керейіттер түркі тілдес емес, қайта монгол тілдес болған деп көрсетеді. Нақ осы автор басқа бір жерде керейіттердің шыққан тегі туралы мәселеде оншама үзілдікесілді айтпайды. Ол «ертеректе монғол атын алмаған» халықтар арасында керейіттер де болды деп жазады. Ал бұдан әріректе «керейіттер өздеріп мақтапу үшін монғолдар деп атай бастады», ал ерте кезде «бұл атауды мойындамайтын» деп көрсетеді. Бұл пікірді былай деп түсіну керек: монғолдар үстемдік еткен кезеңде олардың бодандары, соның ішінде керейіттер де өздері монғолдар болмағанымен, жаулап алушылардың этникалық атауын қабылдаған. Ш. Ш. Уәлиханов, В. В. Бартольд керейіттерді әбден айқын монголдарға жатқызған. ГруммГржимайло да керейіттердің түріктерден шықңанына күмән келтіреді. Г. Н. Потанин, Н. А. Аристов, X. Ховорс және басқалар мүлде қарамаңарсы көзқарас ұстанды. Мысалы, Г. Н. Потанин олардытүріктер, Шыңғысхан кезінде ғана «өздерінің атақ алуы үшін» монғолдар деп атай бастаған деп санайды. Бірбірімен байланысы болмаса да, X. Ховорс иен А. А. Аристов бір мезгілде керейіттердің түріктерден шыққаны туралы пікірге келген. X. Ховорс өз пайымдауын керейіт хандарының түрік есімдері мен атақтарын көрсетуге негіздеген. Керейіттердің шығу тегі туралы С. Аманжолов та соншалықты айқын көзқарас ұстанды, ол «керейлер (керейіттер В. В.) ешқашанда монғолдар болған жоқ және монғолдар деп аталған емес» деп жазды. Ал одан әрі: «Монғолдар шапқыншылығы кезінде батысқа қоныс аударуға мәжбүр болған бөлігі (керейлердің В. В.) керейіттер деп аталды, ал бұрынғы жерінде қалғандарының бәрі өз атауларына «іт» жалғауын қабылдамады». Бізге бұл мәселені інешуді екі тұрғыдан қарастыру қажет тәрізді. Біріншіден, керейіттер мен керейлерді бір тайпа деп санау дұрыс па: өйткені бір зерттеушілер оларды бір тайпа деп санауға бейім, ал басқалары олай емес. Екіншіден, керейіттердің монғолдарға немесе түріктерге жататындығы туралы мәселе біріншісімен тығыз байланысты және белгілі бір дәрежеде соған тәуелді.

Шығыстанушы Н. А. Аристов, В. В. Бартсльд, М. Тынышбаев пен С. А. Аманжолов осы екеуін бір тайпа деп білді. Н. А. Аристов бұлайша балауға түсіндірме бермейді, жай ғана керейлер мен керейіттер жөнінде бір тайпа ретінде айтады. В. В. Бартольд та нақ сөлай істейді. М. Тынышбаев болса, неғұрлым сақ, өйткені керейіттер керейлердің Шыңғысханнан қашу кезінде бөлініп шығып, батысқа кеткен бөлігі болуы мүмкін деп жазады. М. Тынышбаев сияқты С. А. Аманжолов та жоғарыда өзіміз көргендей, керейіттерді керейлердің бір бөлігі деп есептейді.

Керейіттер туралы айта келіп, X. Ховорс оларды керейлермен ешбір байланыстырмайды. ГруммГржимайло керейлер цюйлинь, ал керейіттер кэле (хэре) деп аталатын «ЦзиньЛяо Юань саньшиюйцзе» («Цзииь, Ляо және Юань әулеттерінің тарихтарында кездесетін байырғы халық атауларын түзетулер сөздігі») сияқты деректемеге сілтеме жасай отырьш, оларды әр түфлі тайпалар деп санайды. М. Тынышбаев пен С. А. Аманжоловтың батысқа кеткен керейлер керейіттер деп атала бастаған деген пікірін, біздің пікірімізше, онша дәл емес дегеннен бастайық. Біз деректемелерден шығыста, атап айтқанда, Монғолияда да керейіттер мекендегенін білеміз. Біздің бұрын көрсеткепіміздей, бұл жөнінде Рашид адДин, Рубрук, Марко Поло және П. Карпини айтады. «Қасиетті аңызда» (§ 96, 104, 105, 126 және басқа) керейіттер (кэлеити) туралы айтылады. Басқа да бірқатар деректер мұны айқын дәлелдейді. Мәселен, «Юаньшиде» Онханның серігі Хасан кэлеи (керейіт) тайпасынан шыққан делінген. Керейіттер кэлеи туралы «Синь Юаньшиде» де айтылады. Демек, керейіттердің ІНыңғысхан талқандан, батысқа кеткен керейлерден шыққандар болуы мүмкін емес, өйткені олар Моиғолияда сонау XII ғасырда, мүмкін, одан да бұрын болар, мекендеген.

Керейіттердің болғаны және олар мекендеген жер жөнінде Н. Д. Мартин хабарлайды, ол керейіттер Толе, Орхон, Онгон өзендері бойынша көшіп жүрген және шығысында наймандармен шектесіп жатқан деп жазады. Біз Н. Д. Мартиннің керейіттер мекендейтін жер деп Рашид адДин айтқан жерлерді атайтынын көреміз. Бұл пікірді «Юаньши» де растайды, онда «Ванхан алқашқыда (бір кезде) осы жерлерде тұрды» делінген. Бұл арада Енисейдің оңтүстікбатысында, қырғыздардың оңтүстікшығысында, ТаннуОланың солтүстігінде жатқан Цзяньчжоу Кемчжаут аймағы айтылып отыр.

Сонымен, бізге белгілі деректемелердің бәрінде керейлер емес, керейіттер туралы айтылады. Бұдан шығатыны: көптеген зерттеушілердің айтып жүргеніндей, керейлер мен керейіттерді бір деп санауға, керейіттер керейлердің «батысқа кеткен» бөлігінен шыққап деп есептеуге болмайды.

Біз XXIII ғасырларда керейлер болған жоқ, керейіттер болған, олар өздерін Шыңғысхан талқандағанға дейін ертедегі феодалдық күшті мемлекет еді, ал «олардың көсемдері құдіретті патшалар болған» деп сапаймыз. Керейіттерді Шыңғысхан талқандағаннан кейін олардық бір бөлігі Ертістің томенгі ағысын бойлай қашын, оның мүмкін болған жерінде орын тепкен. Керейіттердің бір болігі Ертістің батыс жағына, содан соң одан да әрі қарай бет алған. Олардың көбісі өздерімен көршілес Алтай халықтарының құрамыиа кірді. Бірқатары тіпті басқа халықтардың құрамыида да өздерінің бастанқы этиикалық атауын сақтап қалғаи. Керейіттердің Ертіс бойымен, содан соң Сөлтүстік Қазақстан даласына кеткен болігі өз атауындағы «іт» жалғауын жоғалтып, «керей» деп атала бастаған да, содан соң дербес керей тайнасы ретінде қазақ халқының құрамына кірген.

Керейіттерді біз доолос тайпасы қырғыздарының арасынан да көреміз. XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында Кіші жүзге кірген керейіт руының шыққан тегі туралы мәселе бізге қысқаша алғанда осылай сияқты.


  1. Қазақ энциклопедиясы