Аққулы ауданы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Jump to navigation Jump to search
Координаттар: 51°28′ с. е. 77°46′ ш. б. / 51.467° с. е. 77.767° ш. б. / 51.467; 77.767 (G) (O) (Я)
Қазақстан ауданы

Аққулы ауданы

Қазақстан картасындағы Аққулы ауданы
Жалпы мағлұмат

Облысы

Павлодар облысы

Құрылған уақыты

1939 жыл

Тұрғыны

13 979[1] (2012 жыл)

Ұлттық құрамы

қазақтар (80,9 %)
орыстар (11,32 %)
украиндар (1,54 %)
немістер (1,72 %)
татарлар (1,43 %)
шешендер (0,88 %)
башқұрттар (0,42 %)
белорустар (0,46 %)[1]

Жер аумағы

8,1 мың км²

Автомобиль коды

14

Уақыт белдеуі

UTC+6:00

Пошта индекстері

140700-140710
Әкімшілік құрылымы

Аудан орталығы

Аққу

Ауылдық округтер саны

11

Ауыл саны

27

Аққулы ауданы 1939 жылы құрылған, Павлодар облысының Оңтүстік-шығысында орналасқан және Оңтүстік-шығысында Ресей Федерациясының Алтай өлкесімен, солтүстікте Шарбақты ауданымен шектесіп жатыр, батыста аудан шекарасы Ертіс өзені арқылы өтеді. Ауданның аумағы 806,1 мың шаршы метрді құрайды. Павлодар қаласына дейін ара қашықтық 120 км. Әкімшілік орталығы - Аққу ауылы.

Физикалық-географиялық сипаттамасы

Географиялық жағдайы

Солтүстігінде Павлодар және Шарбақты аудандарымен, шығысында— Алтай өлкесімен, оңтүстігінде — Шығыс-Қазақстан облысымен, батысында — Май ауданымен бөлетін кеме жүретін Ертіс өзенімен шектес. Аудан аумағымен Павлодар – Семей автомобильді жолы өтеді.

Климаты

Аудан климаты қатал континентальды. Қаңтардың орта температурасы −17º-18ºС, шілденікі - +20º+21ºС. Атмосфералық жауын-шашынның жылдық мөлшері 250—300 мм құрайды.

Жер бедері және гидрография

Аудан аумағы бетегелі өсімдігі бар жай толқынды жазық жерлерден тұрады, тұзды көлдер саны өте көп. Топырақ қызғылт және қою қызғылт, механикалық құрамы бойынша — құмайт және құмды, жел эрозиясына тез шалдығады. Алқаптарда — ауыр суглинкалар бар. Жер қойнында келесі табиғи құрылыс материалдары зерттелінген: алебастр, сульфат, гипс, әк.

Флора және фауна

Оңтүстік-шығыста жолақты қарағай ормандары бар. Жолақты қарағай ормандары мен Ертіс өзенінің алқабында ағаш және бұтақты түрлер: үйеңкі, боз тал, қандағаш, көктерек, қайың, терек, қарағай және басқалары кездеседі. Шөп түрлерінен — жусан, бетеге. Ертіс өзені алқабы — қоғалы жаға. Қасқыр, қоян, суыр, сарышұнақ, аламан секілді аң түрлері мен үйрек, қаз секілді құстар мекендейді.

Тарихы

Аудан Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңес Президиумының 1939 жылғы 16 қазандағы жарлығымен Лебяжі ауылы орталығымен Бесқарағай, Каганович және Павлодар аудандарын үлкейту есебінен құрылған. Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңес Президиумының 1963 жылғы 2 қаңтардағы жарлығымен Лебяжі ауданы жойылды, ал оның аумағы Павлодар ауылдық ауданының құрамына енді. Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңес Президиумының 1964 жылғы 31 желтоқсандағы жарлығымен Лебяжі ауданы қайта құрылды. Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы «Семей ядерлық полигонындағы ядерлық сынақтан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» заңына сәйкес аудан радиациялық қауіпті аумаққа жатқызылды. 2018 жылғы 6 тамызда ҚР Президенті жарлығымен аудан атауы Аққулы болып өзгертілді.

Әкімшілік-аумақтық бөліну

Аудан аумағында 11 ауылдық округ бар: Лебяжі, Баймолда, Жамбыл, Қазын, Қызылағаш, Қызыләскер, Майқарағай, Малыбай, Шақы, Шарбақты, Ямышево.

Халқы

Этникалық құрамы

Ұлттық құрам (2012 жылдың 1 қаңтарына)

  • қазақтар — 11 306 адам (80,9 %)
  • орыстар — 1 582 адам (11,32 %)
  • украиндер — 215 адам (1,54 %)
  • немістер — 241 адам (1,72 %)
  • татарлар — 200 адам (1,43 %)
  • белорустар — 65 адам (0,46 %)
  • басқалары — 421 адам (3 %)
  • Барлығы— 14 030 адам (100,00 %)

Санның серпінділігі

1999 жылы халық саны— 19,6 мың адамды, 2012 жылы — 13,97 мың адамды құрады. Халықтың орташа тығыздығы 2012 жылы 1 км² 1,72 адамнан келді.

Экономика

Ауылшаруашылық

Ауданның ауылшаруашылық мамандандырылуы: қой шаруашылығы, табындық жылқы шаруашылығы, жүн өндіру, қарбыз өсіру. Бидай, тары, қарақұмық, күнбағыс өсіріледі, ет, сүт, ұсақ тері шикізаты. Шаруашылықтың негізгі бағыты — мал шаруашылығы. Аудан жібек жүнді қой шаруашылығымен айналысқан, бұл шаруашылықпен колхоздардан басқа— «Бесқарағай» племсовхозы, № 23 совхоз секілді мамандандырылған қой шаруашылықтары да айналысқан. Қазақ ғылыми-зерттеу мал шаруашылығы институты, ал соғыс жылдарынан кейін мал шаруашылығы институтының Шығыс-Қазақстан тәжірибе станциясы қызметкерлерінің көп жылдық, мақсатты селекциялық-асыл тұқымды жұмыс түрінің нәтижесінде, жаңа түр – үлкен салмаққа ие ірі конституциясы бар қазақ мериносы енгізілді. Ауданның ауылшаруашылық өнімін өндірумен 10 ауылшаруашылық, 172 шаруа қожалықтары айналысады, 4332 жеке қоныстар бар. Ауданда 2 наубайхана, 1 жел диірмені, 1 сүтті қайта өндеу цехы жұмыс істейді.

Әлеуметтік сала

Білім беру мен ғылым

Аудан аумағында 27 білім беру мекемелері бар, оның ішінде 1 арнайы орта, 18 орта, 4 негізгі, 1 бастауыш, 3 мектеп жасына дейінгі. Сонымен қатар 6 бөлімшесі бар 305 адам айналысатын балалар-жасөспірімдер спорт мектебі бар.

Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау объектілері 24, оның 1 орталық аудандық аурухана, 1 туберкулезге қарсы аурухана, 8 дәрігерлік амбулатория, 14 медициналық пункт.

Мәдениет

Аудан бойынша 18 мәдениет объектілері, 24 кітапхана және 1 жылжымалы «Бұлақ» кешені қызмет атқарады. «Аққу күйі» аудандық газеті шығарылады (1940 жылдан).

Әйгілі адамдар

Социалистік Еңбек Ерлері:

  • Б.Айдарханов,
  • Ж.Жанғожин,
  • Б. Оспанов,Уақап Сыздықов, Қ. Шарбақбаев

Дереккөздер